Баспасөз-қызметі
Соңғы жаңалықтар
WALS 2024 конференциясының маңызды алаңдарының біріне айналған шеберлік сабақтарда мұғалімдер Lesson & Learning Studies халықаралық журналының өкілдері Шэрон Дотжер (АҚШ), Суи Лин Гои және Ширли Танмен (Нидерланды) танысты.
Астанада өтіп жатқан WALS 2024 Халықаралық конференциясы аясында шетелдік ғалымдардың симпозиумдары өтті. Зерттеушілер мұғалімдердің кәсіби дамуын арттыруға бағытталған бірегей Lesson Study тәсілінің тиімді тетіктеріне тоқталды. Мұғалімдердің аталған әдісті қолдануда кездестіретін қиындықтары да сөз болды.
Астанадағы WALS 2024 халықаралық конференциясының екінші күні Германияның Потсдам университетінің оқытушысы Клара Кагердің баяндамасымен басталды.
Бүгін – отандық оқу-ағарту саласында тарихи күн. Астанада алғаш рет посткеңестік кеңістікте бұрын соңды болмаған WALS 2024 халықаралық конференциясының ашылу салтанаты өтті.
Елордада өтіп жатқан Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығының XVII жыл сайынғы конференциясында жапондық білім берудің тұтас моделі – Токкацу мен Қазақстан, Малави және Қырғызстандағы Lesson Study әдісін енгізудегі ерекшеліктер таныстырылды.
WALS 2024 халықаралық конференциясы аясында шеберлік сабақтары өтіп жатыр. Сингапурдағы Наньян технологиялық университетінің қауымдастырылған профессоры, Ұлттық білім беру институтының өкілі Бан Хенг Чой тәжірибесімен бөлісіп, үздік эксперименттерді таныстырды. Ғалымның баяндамасы Lesson Study-ді пайдалану кезінде математикалық есептерді шешу жолдарын анықтау мен тәсілдерді тиімді қолдануға арналды.