Баспасөз-қызметі
WALS 2024: Шеберлік сабақтарындағы халықаралық диалог
WALS 2024 конференциясының маңызды алаңдарының біріне айналған шеберлік сабақтарда мұғалімдер Lesson & Learning Studies халықаралық журналының өкілдері Шэрон Дотжер (АҚШ), Суи Лин Гои және Ширли Танмен (Нидерланды) танысты. Редакторлар білім беру практикасын дамытудағы ғылыми жарияланымдардың рөлін айқындап, оқу әдістемелерінің тиімділігін бағалау бойынша өз түсініктерімен бөлісті.
Ал Астана Халықаралық мектебінің педагогтері Айгүл Төлегенова, Салия Сакенова, Еңлік Ғазиз және Зульфия Абишева сабақты зерттеу арқылы инклюзивті білім берудегі басты мәселелер мен олардың шешімдерін ұсынды.
«Қазақстандағы өзгерістерді картаға түсіру» кітабының тұсаукесерін Кембридж Университетінің профессоры Колин Маклафлин, Нархоз Университетінің ассоциативті профессоры Назипа Аюбаева және АҚШ-тағы САНИ Эмпайр университетінің ассоциативті профессоры Али Айт Си Мхамед өткізді.
– Бұл кітап Қазақстанның білім беру саласындағы елеулі өзгерістерді көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар Lesson Study сияқты білім беру саласындағы зерттеулердің осы өзгерістер жағдайында педагогикалық практиканы түсіну және жақсарту үшін маңыздылығын көрсетеді, – деп атап өтті спикерлер.
Сондай-ақ шеберлік сабақтарында мұғалімдердің байқау қабілетін жақсарту мақсатында жапондық кюзай-кенкю әдісін қолданудың теориясы мен практикасы көрсетілді және оқушылардың алға ілгерілеуін бағалау, зерттеу қызметін мектептің біртұтас мәдениетіне айналдыру жолдары да талқыланды.