Баспасөз-қызметі
Соңғы жаңалықтар
Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқу үшін «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурстық іріктеу басталды.
Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS делегациясы Доха қаласында өткен халықаралық MUN конференциясынан оралды
Робототехникадан Central Asia FIRST Championship халықаралық чемпионатының республикалық кезеңінде Алматыдағы физика-математика бағытындағы және Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары жеңімпаз атанды. Сондай-ақ оңтүстік астанадағы химия-биология бағытындағы және Петропавл қаласындағы NIS-тен тағы екі команда «Robot performance award finalist» пен «Breakthrough award» номинациялары бойынша марапатталды.
«Сыр сұлуы», «Ана туралы жыр», «Тамды аруы», «Сағынышым менің», «Теріскей», «Сүймегендер сағынбайды», «Сыған серенадасы», «Ақ маңдайлым» – Шәмшінің әр адамның жүрегіне жақын, жан сарайын ашатын әндері «Ән-ғұмыр» шығармашылық кешінде шырқалды. Қазақ вальсінің королі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Қазақ әндері» жобасы аясындағы дәстүрлі балды Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және Батыс Қазақстан облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастырды.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың «Ой толғау нүктесі: орта білім мазмұны, мұғалім, қазіргі замандағы білім беру архитектурасы» атты ашық лекциясына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы жиналды.
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары — Олжас Құсайын, Нұрсат Керей және Айсана Басагаринова Азия құрлығының үздік жоғары оқу орындарының гранттарын иеленді.