Еншілес ұйымдар және филиалдар
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы
Біз туралы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Білім беру бағдарламалары орталығы филиалы (бұдан әрі – Орталық) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қамқоршылық кеңесінің бетпе-бет отырысының шешімімен (№5 хаттама) 2012 жылғы 2 ақпанда құрылды.
Білім беру бағдарламалары орталығының негізгі міндеттері: инновациялық білім беру бағдарламалары мен ресурстарын әзірлеу, оларды сынақтан өткізу мен жүзеге асыруға ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету, Зияткерлік мектептерге арналған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның NIS-Programme білім беру бағдарламасын әзірлеу және қайта қарау саласындағы мониторинг пен зерттеулер жүргізу.
Миссия
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім беру бағдарламасын үнемі жетілдіру және оларды елдің жалпы білім беретін мектептеріне бейімдеу арқылы Қазақстандағы жалпы орта білім беру сапасын жақсартуға ықпал ету.
Қызметтің негізгі бағыттары:
1. Оқу бағдарламалары мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу, пәндер бойынша оқу бағдарламалардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу және оларды жетілдіру.
2. Зияткерлік мектеп мұғалімдеріне ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету.
3. Білім беру ресурстарын әзірлеу:
3.1. оқу-әдістемелік кешендер (мұғалімге арналған нұсқаулық, оқулық және жұмыс дәптері);
3.2. цифрлық білім беру ресурстары.
4. Ғылыми-зерттеу қызметі.
5. Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне тәжірибені тарату. Мекен жайы: Астана қ., Хусейн бен Талал көш., 21/1 ғимарат
Мекен жайы: Астана қ., Хусейн бен Талал көш., 21/1 үй
Телефон: 8 (7172) 23-57-57
E-mail: info@cep.nis.edu.kz