Баспасөз-қызметі
Зияткерлік мектеп басшылары көшбасшылықтың жаңа моделіне көшуді талқылады
Ақтауда өтіп жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дәстүрлі тамыз кеңесі аясында сертификатталған бизнес-тренер, психолог, ICBT Халықаралық мектебінің аккредиттелген тренер-оқытушысы Людмила Серикбаева «Көшбасшылық 360: тиімді коммуникация биіктікте» курсын өткізді.
Зияткерлік мектептердің директорлары мен олардың орынбасарлары курс барысында көшбасшылық құзыреттілік деңгейін арттыру мен тиімді коммуникативті дағдыларды жетілдіру мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ іскерлік ойындар өткізіліп, ситуациялық сұрақтар талданды. Іс-шараға қатысушылар көшбасшылықтың жаңа моделіне көшу, менеджменттегі заманауи сын-қатерлер мен тенденциялар, жедел өзгерістер жағдайында көшбасшы рөлін зерделеді.
Мектеп басшылары курста алынған теория мен тәжірибенің әріптестермен, ата-аналармен және оқушылармен жұмыс жасауда маңыздылығын атап өтті. Айта кетейік, NIS-тің дәстүрлі тамыз кеңесі өз жұмысын 23 тамызда бастайды.