WALS 2024 халықаралық конференциясында сабақты зерттеудің ең ұтымды тәжірибелері таныстырылды

Бүгін WALS 2024 халықаралық конференциясы аясында шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне негізделген симпозиумдар өтті. Ғалымдар 10 жылдан бері Назарбаев Зияткерлік мектептері еліміздің орта мектептеріне таратып келе жатқан Lesson Studу тәсілінің әлемдік деңгейдегі нәтижелерімен таныстырды. Сондай-ақ алыс-жақын шетелдерде әдісті енгізу бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Ауқымды конференцияға Ганконгтан келген ELCHK лютеран академиясының профессоры Джоанна Кван Муи Чан сабақты өткізу барысында оқушылардың сұрақ қою және олардың тақырыптарға тереңірек үңіле алуы үшін еркіндік беру керектігін алға тартты. Оның сөзінше, білім алушылар тақырыпқа сәйкес сұрақтар құрастырып, оларға жауап алғанда көп дүниелер есте қалады.

– Біздің Жапонияда жүргізген зерттеулеріміз көрсеткендей оқушылар өткелі отырған тақырып аясында өздерінің сұрақтарын қоюына мүмкіндік берілсе, соғұрлым сабақты түсіну жеңіл болады, – деді ол.

Шетелдік спикер оқушылардың ойларын айтуға, сабақтарда өздерінің пікірлерін жазуды және сабақ аясында олардың ойларының өзгеретініне де аса назар аудару керектігін жеткізді. Сабақты зерттеу барысында қызық көрінген барлық өзгерістерге ерекше мән беру арқылы жүргізілген эксперименттерге баға беруге де болады.

Сондай-ақ «Егер Сабақты зерттеу автокөлік болса, біз қайда барғымыз келеді?» тақырыбында өткен тағы бір симпозиумда ғалымдар А нүктесінен Б нүктесіне қалай, қандай нәтижелермен жетуге болатынын айтты.

– Сабақты зерттеу барысында біз тақта тәсілін қолданып келеміз. Бұл ең ұтымды шешім дер едім. Яғни, тақтада тақырыпқа қатысты барлық жоспар алдын-ала жазылып тұрады. Біздің мақсаттарымыз бен міндеттеріміз де көрсетіледі. Сонда шәкірттер тақырыпты меңгерудің пайдасын, маңызды жайттарға ерекше назар аудара бастайды, – дейді конференцияға арнайы шақырылған АҚШ-тан келген зерттеуші Шеран Дотчер.

Мұнан бөлек, Жапонияда кеңінен танымал «тақта» тәсілінің нәтижелерімен бөлісті. Ол тақтада алдын-ала берілген ақпараттардың арқасында оқушылардың ақпаратты қабылдауы жеңілдейді. Айта кетейік, бүгін Астанада алғаш рет өтіп жатқан WALS 2024 халықаралық конференциясының үшінші күні өтіп жатыр. Жаһандық жиынға әлемнің 27 елінен 700-ге тарта педагог қатысуда.