WALS 2024 Халықаралық конференциясы аясында автограф-сессия өтті

Шетелдік ғалымдар қатысушыларға өздерінің авторлық кітаптарын таныстырып, қолтаңбаларын қойды.

Солтүстік-Шығыс университетінің Миллс колледжінің жетекші ғылыми қызметкері Ph.D Кэтрин Льюис, Кембридж университетінің профессоры Элейн Уилсон, Литвалық психиатор Дарюс Радкявичюс пен норвегиялық карикатурашы Эйстейн Кристиансен, сондай-ақ Сидзуока университетінің профессоры Тетсуо Курамотоның еңбектеріне қызығушылық жоғары болды.

Айта кетейік, автограф-сессияда NIS Педагогикалық шеберлік орталығының «Педагогикалық диалог» журналының WALS 2024 Халықаралық конференциясына арнайы шығарылған нөмірі таратылды. Журналда Lesson Study тәсілін қолдану бойынша отандық және шетелдік авторлардың мақалалары жарияланған.