NIS, АХҚО соты және AIFC халықаралық төрелік орталығы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Жиында Басқарма төрағасының орынбасары Сабыржан Сәдуақасов құнды құжаттың мектеп қауымдастығына тигізетін пайдасын атап өтті.

– Меморандум АХҚО соты және AIFC халықаралық төрелік орталығының қызметін түсінуге және өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға негіз болады, – деді ол.

Басқосу барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығында бірқатар білім ұяларының, оның ішінде Зияткерлік мектептердің оқушылары үшін ашық есік күні ұйымдастырылды. Шәкірттер белгілі судьялар мен заңгерлердің баяндамасын тыңдап, сұрақтарына жауап алды.

Оқушылармен кездесуде АХҚО Сотының Төрағасы Мэлдон Лорды Бернетт, АХҚО Сотының судьясы Сэр Стивен Ричардс, судья Томас Крюммель, ХТО төрағасы, АХҚО Сотының тіркеуші және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт және АХҚО аппаратының жетекшілері және спикерлер қатысты.

Ашық есік күнінің қорытындысы бойынша NIS оқушыларына дойбы, үстел теннисінде жеңіске жеткені үшін сертификаттар мен кәдесыйлар табыстады.