Баспасөз-қызметі
NIS-тің күміс дипломдары
Республикалық ғылыми жобалар байқауында Алматыдағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің үш өкілі күміс медальді еншіледі. Математикадан Медет Жұмаділдаев, сондай-ақ жас физиктер секциясы бойынша Алина Тарасова мен Жәнібек Ғалымға екінші дәрежелі дипломдар табысталды.
Ақтөбедегі NIS оқушылары Данияр Чутенев пен Жаннұр Әйіп техникалық секцияның екінші орнын иеленді.
Қолданбалы математика секциясы бойынша Тараздағы NIS оқушысы Аружан Манарбекова мен Көкшетаудағы Зияткерлік мектеп оқушысы Еділ Қуанышбеков күміс жүлдегерлер деп танылды.
Жас өлкетанушылар арасында қызылордалық Нұрай Өмірзақованың жобасы көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Ал павлодарлық Аида Абкенова мен Шахназар Сайлаукан және көкшетаулық Асанәлі Ахтанов пен Камила Касенова информатика секциясында жүлделі екінші орыннан көрінді.
Этномәдениеттану секциясы бойынша екінші дәрежелі диплом оралдық Адэля Шаукеневаға, сондай-ақ тарих пәнінен қатысқан тараздық Фариза Құрманбаева мен Марат Мерейге бұйырды.
Жас экологтар арасынан талдықорғандық Дәурен Жанайдар мен Валерия Ким, петропавлдық Аида Тюгумбаева мен Аружан Мәмбетова күміс медаль иегерлері атанды.
Республикалық ғылыми жобалар байқауында NIS-тің 65 өкілі жеңімпаздар мен жүлдегерлер деп танылды: 13 зияткер республика бойынша үздіктер қатарында, ал 19 оқушы күміс жүлде иеленсе, 33 жас ғалымға үшінші дәрежелі дипломдар табысталды. 1 ч.