Баспасөз-қызметі
Шәмша Көпбайқызы Беркімбаева біздің жүрегімізде мәңгі қалады
Шәмша Көпбайқызы Беркімбаева өмірден озды.
Орны толмас қаза, ауыр қайғы.
Асылдардың сынығы. Ұлы ғалым әрі мұғалім. Халық дәстүрлері мен құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеген дара тұлға.
Бар ғұмырын білім беру ісіне арнаған асыл ұстаздан айырылып қалдық. Мемлекет және қоғам қайраткері, академик, Білім министрі болған, әрқашан еңбекқорлық, адалдық пен жауапкершіліктің, өз ісіне берілудің құрметті үлгісі болған жан.
Асқан шеберлігі, рухани жан дүниесі, көркемдігі, жомарттығы мен шынайы зиялы болмысы көпшіліктің көңілінде қалары сөзсіз.
Шәмша Көпбайқызы өзінің шәкірттерінің, көптеген ізбасарының игілігіне айналған ғылыми еңбектер – бай мұра қалдырды.
Мектеп мұғалімдері және директорларымен бірге оның сабақтары мен дәрістерін тыңдау біз үшін үлкен мәртебе еді.
Шәмша Көпбайқызының келер ұрпаққа, ең бастысы, өз халқына, еліне, тілі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігі ерекше сезіліп тұратын.
Оның есімі бүгін де, ертең де, алдағы уақытта да жаңғыра бермек. Себебі Шәмша Көпбайқызының болмысы мен атқарған қызметі мақтануға тұрарлық, келешекте оның бастамалары лайықты жалғасын табуына бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.
Шәмша Көпбайқызының барша тума-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Тұлғаның жарқын бейнесі жанымызда мәңгі сақталады.