Баспасөз-қызметі
NIS ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығының директоры қызметіне Думан Сапақов тағайындалды
Педагогикалық өлшеулер орталығының ұжымы жаңа директормен танысты. Думан Нәбілұлы Сапақовтың білім беру саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар, соңғы 10 жылда NIS жүйесінде басшылық қызметтер атқарған. Ол «Болашақ» бағдарламасы аясында ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өткен.
2001 жылы Думан Нәбілұлы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Жаратылыстану-экология факультетінде «Биология» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2003 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Жаратылыстану-экология факультетінің анатомия және гигиена кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
2011-2013 жылдары Өскемендегі химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектепте биология пәнінің мұғалімі және директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
2014 жылы Қостанай қаласындағы NIS директоры қызметіне тағайындалды.
2022 жылы Павлодардағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептің директоры лауазымына ауыстырылды.
NIS жүйесінде жұмыс істей бастағаннан бері ол кіріктірілген оқу бағдарламаларын әзірлеуге және оқушылардың жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесін енгізуге белсенді қатысты. Думан Сапақов 1-2 сыныптарға арналған «Ғылымға кіріспе» және бірінші сыныпқа арналған «Жаратылыстану» оқулықтарының, «Гистология» оқу-әдістемелігінің, сондай-ақ студенттерге арналған «Жастық физиологиясы және мектеп гигиенасы», «Адам мен жануарлар физиологиясы» электронды оқу-құралдарының авторы.
2013-2014 жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша Хямеэнлинна қаласындағы (Финляндия) Häme University of Applied Sciences университетінде тағылымдамадан өтті.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.